День: 30.11.2022

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» мамандары 2022 жылғы 29-30 қараша күндері Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күнге орай Түркістан қаласында орналасқан «Қуаныш сауда орталығының»; Түркістан қалалық орталық автовокзалының және «Мерей» ЖШС автобекетінің хабарландыру орындарында радиотораппен «Теңдік уақыты!» және «АИТВ- инфекциясының алдын алу» тақырыбында радиобаяндамалар оқыды.

Радиобаяндама барысында АИТВ- ның алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы халыққа толыққанды ақпараттар беріліп, эпидемиологиялық жағдай жайлы , АИТВ -ның алдын алу жолдары туралы, Стигма, дискриминация жайлы түсіндірілді. #ЖОКСПИД2030…

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 14 жалпы орта мектебінің мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары арасында «Теңдік уақыты!»науқаны аясында «АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары» тақырыбымен семинар болып өтті.

Семинар барысында аталған инфекцияның пайда болуы мен одан сақтану шаралары жайлы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар оқушыларды қызықтырған сауалдарға мамандар тарапынан жауаптар беріліп, мәнді де мағыналы сұқбат өрбіді. АИТВ инфекциясынан толық…