День: 06.02.2023

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» қызметкерлері М.Кенжегулов, Қ.Диханбаев, Х.Сыздыкова, А. Срайылдың ұйымдастыруымен Арыс қаласында орналасқан орталық базарында «Ашық есік күні» болып өтті.

Базар қызметкерлері мен сауда жасаушылар арасында «АИТВ- инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары » тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс — шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану…

«Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» қызметкерлері А.Жумадиллаева, С. Бекпулатовтар Сауран аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ынталы елді мекенінде орналасқан » Майдантал атындағы жалпы орта мектебінің» 9-11 сынып белсенді оқушыларына «АИТВ- инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары» тақырыбында семинар өткізді.

Іс — шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы толыққанды ақпараттар берілді. Жиналған жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерге ақпараттық танымдық парақшалар таратылып, сұрақтарға толық жауап берілді.…

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» қызметкерлері М.Кенжегулов, А.Срайыл Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Арыс қаласында орналасқан «Арыс гуманитарлық техникалық колледжі» мен нөмірлі 17 колледж студенттеріне «АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары» тақырыбында семинар жұмыстарын жүргізді.

Семинар барысында аталған инфекция жайлы толыққанды ақпараттар беріліп, стигма, дискриминация жайлы да түсіндірілді. Сонымен қатар тыңдаушыларға ақпараттық – танымдық парақшалар таратылды. #житсорталығытуркестанТүркістан