Түркістан облысы Түркістан қаласы Ясауи колледжінде «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» міне осы тақырыпта акция өткізілді. Іс шарананы орталықтың дәрігер эпидемиолог мамандары жүргізді.
Акция барысында колледж оқушылары мен мұғалімдеріне АИТВ нің алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы айтыла келіп, жадынамалық түсіндірме парақшалар мен кітапшалар таратылды. Сонымен қатар «Әрбірін түсіну» ұранымен өткізіліп жатқан іс – шараларға да кеңінен тоқталып, олардың маңыздылығы жайлы сөз болды.