Профилактикалық жұмыстар бөлімі

Бөлімде 10 эпидемиолог дәрігер,1 педагог,1 социолог,1-журналист, 3 эпидемиолог көмекшісі жұмыс атқарады.

Бөлімнің атқаратын қызметі:

Орталықтың және Жетісай бөлімшесінің санитарлық — профилактикалық жұмыстардың жүргізілуін қадағалаумен қатар облыс аумағында ЖИТС – тің алдын алу және онымен күресуге бағытталған барлық ақпараттық – танымдық іс – шараларды өткізу және қадағалау.

Бөлімде «Сенім бекеті» жұмыс атқарады. Сенім бекетінде: 1 дәрігер терапевт, 1 мейірбике, 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды.

Бөлімнің негізгі атқаратын жұмысының бағыты:

— АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен әдістерін халыққа хабардар ету, әртүрлі департаменттердің, мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен оқушыларын оқыту, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-білім беру материалдарын басып шығару және тарату туралы хабардар ету;

— АИТВ-инфекциясын тез диагностикалау, емдеу, алдын-алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін оқыту;

— Медициналық мекемелерде АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында әдістемелік көмек көрсету.

— Халық арасындағы осал топтарымен жұмыс жасау.(секс жұмыскерлері, инемен есірткі тұтынушылар, ерлер мен ерлердің жыныстық қатынасқа түсушілері)