Отырар ауданындағы білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
🔺Осы бағытта Темір және Т. Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектептерде семинарлар ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, одан сақтану шаралары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы түсіндірілді.
🔸Сонымен қатар қатысушыларға инфекцияға қатысты кең таралған қате түсініктер туралы ақпарат беріліп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауаптар ұсынылды.