1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «ЖИТС-ті жеңу қолжетімділікті қамтамасыз етуден басталады» тақырыбында онкүндік науқан басталды.
🖇️Науқанның негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, халықтың ақпараттану деңгейін арттыру, медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және инфекциямен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
♻️Онкүндік аясында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, білім беру мекемелерінде, еңбек ұжымдарында және қоғамдық орындарда кездесулер, семинарлар мен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырады.
🔸Іс-шаралар барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, одан сақтану шаралары, тестілеудің маңыздылығы, ерте диагностиканың артықшылықтары және емдеу қызметтеріне қолжетімділік туралы кеңінен ақпарат беріледі. Сонымен қатар тұрғындарға АИТВ-ға тестілеуден өту мүмкіндіктері түсіндіріліп, мамандар тарапынан кеңестер ұсынылады.
📌АИТВ инфекциясының алдын алу – әрбір адамның денсаулығына жауапкершілікпен қарауынан басталады. Ақпараттану, уақытылы тестілеуден өту және профилактикалық шараларды сақтау инфекцияның таралуын тоқтатуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.
Науқан аясындағы жұмыстар 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне дейін жалғасады.
Возможно, это изображение текст