Кентау қаласы білім бөліміне қарасты А.Бөкейханов және Т. Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді.
Семинар жұмыстарын орталықтың педагог маманы мен эпидемиолог дәрігерлері жүргізді. Олар АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар стигма, дискриминация ұғымына түсініктеме беріп, жадынамалық парақшалар таратылды.