Түркістан болысының білім басқармасының Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы №5 мектеп жалпы білім беретін мектеп және С.Сейфуллин атындағы №20 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат таратылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар стигма, дискриминация ұғымы жайлы да мәлімет беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.