Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандарына семинар жұмыстары жүргізілді. Шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша қолданыстағы бұйрықтар мен нұсқаулықтар таныстырылып, атқарылып жатқан жұмыстар да баяндалды.
Сонымен қатар зертханалық қан талдауларымен де жұмыс жүргізуде қойылатын талаптар түсіндірілді және қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.