Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Қ.Сәтпаев атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп пен С. Ерубаев атындағы №7 мектеп интернатында болып, семинар жұмыстарын жүргізді. Шараға жоғары сынып оқушылары мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары психологтар медбике мамандар қатысты.


