Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Кентау қаласының тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды .
✅Сонымен қатар тұрғындарға өз мәртебесін анықтау үшін орталықтың тегін медициналық көмегіне жүгіне алатындығын да жеткізді.