Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты “Ащыбұлақ” және “Ы.Алтынсарин” атындағы жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп жадынамалық парақшалар таратылды.





