Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Облыстық тері венерологиялық аурулар ДИСПАНСЕРІНДЕ АШЫҚ ЕСІК күнін өткізді. Шара барысында орталыққа келуші тұрғындармен аталған инфекция бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалық парақшалар таратты.


• Ерте жастан ақпарат алу – өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қараудың бастамасы.
• Жыныстық сауаттылық – қажетсіз жүктіліктен, жұқпалы аурулардан қорғайды.
• Дәрігерге дер кезінде қаралу – болашақ ана мен әкенің дені сау ұрпақ сүйуіне жол ашады,-деді мамандар қатысушыларға.




