Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты “Қажымұқан” және N_67 жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. ЖИТСТ тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай өткізілген бұл шара 110 оқушыны қамтыды.
Аталған шарала АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Өз кезегінде мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, слаиды көрсетілім арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.