Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының әдістемелік ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Есалиев Еркін Сұлтанбайлы халықаралық TURKISTAN TV телеарнасының «Жаңа толқын» бағдарламасында қонақта болды.
Эфир барысында ол орталықтың атқаратын жұмысы мен ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу апталығында жүргізілген профилактикалық шараларға тоқталды. Сонымен қатар репродуктивті денсаулық апталығы аясында жүзеге асырылған жобалар мен шаралар жайлы да ақпарат беріп өтіп, тұрғындарды орталық қызметіне жүгінуге шақырды.