Ордабасы ауданы білім бөліміне қарасты К. Сыпатаев және Төрткүл атындағы жалпы білім беру мектебінің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері арасында «АИТВ инфекциясын алдын алу және АИТВ инфекциясымен өмір сүруші адамдардың құқығын қорғау» тақырыбында кездесу болып өтті.
🔻140 оқушыны қамтыған бұл шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған бұл шарада мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақыттарда да осындай профилактикалық жұмыстар жүргізуді жалғастыратынын айтты.