Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «БОЛАШАҒЫМЫЗ -БАЛАЛАР » тақырыбымен ашық есік күні өтті. Шараға Түркістан медицина колледжінің студенттері қатысып, түрлі салада өздерін сынап көрді.
🔻Атап айтқанда олар СТИГМА, ДИСКРИМИНАЦИЯ тақырыптары бойынша ақпарат алып, өз ойларын еркін жеткізуге үйренді. АИТВ инфекциясы бойынша да ақпараттар алып, оның алдын алу жолдарымен танысты.
🔺Қызыл лентамен белгі беру арқылы олар АИТВ жұқтырған науқастардың қоғамнан шет қалмай, араласуға мүмкіндік алатындығына куә болды.