Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Табиғи манаполияларды реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында аталған инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу бойынша баяндама жасалып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар қатысушыларға жадынамалық парақшалар таратылып, оларды өз мәртебесін анықтау үшін орталықтың тегін медициналық қызметіне жүгінуге шақырды.