ҚР президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат берілді.
Өз кезегінде мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жадынамалық парақшалар таратты. Сонымен қатар қатысушыларды АИТВ инфекциясы бойынша өз мәртебесін білу үшін орталықтың тегін медициналық қызметіне жүгінуге шақырды.