Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Түлкібас ауданында профилактикалық шараларды күшейтуді қолға алды. Атап айтқанда бұл жұмысты білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушылары арасында бастады.
Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты Майлыкент жалпы білім беретін мектебінде өткен семинарға жоғары сынып оқушылары мен мектептің педагог және дәрігер мамандары қатысты. Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.