Түлкібас ауданы Абай және Пушкин атындағы жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Шараны орталықтың эпидемиолог дәрігері мен педагог маманы жүргізді. Аталған жиында оқушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліді.
❗Сонымен қатар жастарға салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруға күш салу керектігі де айтылып, осы бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар нақтыланды.