Кентау қаласы білім бөліміне қарасты Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған бұл шарада орталықтың педагог маманы М.Кенжегулов баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
❗ Сонымен қатар шарада салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы ұсыныстар айтылып, жалпы қоғамда болып жатқан оқиғалармен байланыстыра отырып пікір алмасу жүргізілді.