Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында 25-қазан Республика күні аталып өтті. Орталық басшысының м.а Дәурен Рыскелдиев мекеме қызметкерлерін мерекемен құттықтап, осы салада жылдар бойы еңбек етіп, бірқатар жетістіктерге жеткен мамандарды марапаттап, алғыс хат табыстады.
Бүгінгі мереке күні сіздерге отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, бақ-береке, қызметте өрлеу тілеймін-деді ол өз сөзінде.
Мереке құтты болсын!
