Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары Тулепов Даурен Тимурұлының қатысуымен медицина мекемелерінің басшыларына үйлестіру кеңесі өтті. Жиында Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшы м.а Рыскелдиев Даурен Қашаубайұлы баяндама жасап, облыста 9 айда қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға тоқталды.
🔰Ол өз сөзінде :Түркістан облысында 2025 жылдың 9 айында АИТВ инфекциясының 93 жағдайы анықталды, оның ішінде шет ел азаматтары -3, ҚР азаматтары — 90. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 87 жағдай анықталған, шет ел азаматтар — 4, ҚР азаматтары — 83. Республика азаматтарының арасында анықталу 7 жағдайға өскен,-ден айтып өтті.
❗Сонымен қатар «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының тапсырмасы негізінде 2025 жылы 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне орай “АИТВ — ға қарсы күрестегі қиындықтардан — тиімді өзгерістерге” атты 1 ай көлемінде іс — шара өтетіндігін де хабарлады.