Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қаладағы Алтын орда автобекетінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күніне орай өткізілген бұл шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат берілді.
❗Сонымен қатар мамандар адамның иммундық тапшылығы вирусы мен Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жайлы да айтып, жадыналамық парақшалар таратты. Өз кезегінде олар тұрғындарды өз мәртебесін анықтау үшін жедел экспресс тест тапсыруға шақырды. Осылайша олардың медициналық қызмет түрлерін тегін ала алатындығын жеткізді.