АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан -тиімді өзгерістерге»атты ұранмен өтіп жатқан айлық науқан медицина мекемелерінде де жүріп жатыр. Атап айтқанда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Отырар аудандық орталық ауруханасында Ашық есік күнін өткізді.
❗Шарада аудан тұрғындары мен аурухана мамандарына адамның иммундық тапшылығы вирусы мен Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.
🔰 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күніне орай өткізілген бұл шарада тұрғындар өз мәртебесін анықтауға мүмкіндік алып, жедел экспресс тест тапсырды.