Түркістан қаласы Темір жол вокзалында қала тұрғындары мен қонақтарыға және мекеме қызметкерлеріне арналған шара өткізілді. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырған бұл шара 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күніне арналды.
✔️«АИТВ -ға қарсы қиындықтардан -тиімді өзгерістерге» атты ұранмен өтіп жатқан бұл науқанда адамның иммундық тапшылығы вирусы мен Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жайлы ақпарат халық арасында кеңінен түсіндірілуі тиіс болды. Осы орайда орталық мамандары аталған инфекция бойынша толыққанды ақпарат беріп, жадынамалық парақшалар таратылды.
☑️Өз кезегінде мамандар шараға қатысқан азаматтардың мәртебесін анықтауына мүмкіндік жасап, олардың сұрақтарына жауап берді.