«АИТА-ға қарсы қиындықтардан -тиімді өзгерістерге»атты ұранмен өтіп жатқан айлық науқан Арыс ауданында жалғасты. Аталған тақырыппен Арыс аудандық орталық ауруханасында Ашық есік күні өтті. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары шарада аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалық парақшалар таратты.
❗Сонымен қатар мамандар азаматтарға өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік беріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күніне орай өткізілген бұл шарада аудан халқы белсенділік танытты.