«АИТВ -ға қарсы қиындықтардан -тиімді өзгерістерге» науқаны Кентау қалалық емханасында жалғасын тапты. Шарада облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қала тұрғындары мен қонақтарына адамның иммундық тапшылығы вирусы мен Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша ақпаратпен бөлісті.
❗Сонымен қатар азаматтар өз мәртебесін анықтауға мүмкіндік алып, мамандардың кеңесіне жүгінді. Өз кезегінде мамандар жадынамалық парақша таратып, тұрғындарды орталықтың тегін медициналық қызметіне жүгінуге шақырды.