Түркістан облысы Сауран ауданы Құмтүйін атындағы жалпы орта мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан -тиімді өзгерістерге» атты тақырыппен жүргізіліп жатқан бұл шара 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналды.
