Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының ұйымдастырумен орталықта Ашық есік күні өтті. Шараға қала тұрғындары мен қонақтары және ерікті жастар және орталық мамандары қатысты.
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан -тиімді өзгерістерге»науқаны аясында өтіп жатқан бұл шара адамның иммундық тапшылығы вирусы мен Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша ақпарат беруге арналды. Орталыққа келушілер осы бағыт бойынша ақпарат алып қана қоймай, өз мәртебесін анықтауға және орталықтың тегін медициналық қызметіне жүгінуге мүмкіндік алды.
Өз кезегінде тұрғындар орталықтың басшылығына және мамандарға алғысын білдіріп, осындай профилактикалық шараларды күшейту арқылы аталған инфекцияның алдын алуға болатынын жеткізді.