Қазақстан республикасының Тәуелсіздік мерекесі Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында аталып өтті. Мереке қарсаңында орталық басшысының м.а Даурен Қашаубайұлы мекеме қызметкерлерін елімізге ұлық мерекемен құттықтап, жұмыс барысында жақсы нәтиже көрсеткен қызметкерлерге марапат табыстады.
⚜️Осы салтанатты күні Сіздерге және отбасыңызға бақ-береке, , қуаныш пен молшылық тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! — деді ол өз сөзінде.
🇰🇿Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Еліміз аман , жұртымыз тыныш болсын