Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының 21.01.2026ж №19 н/қ бұйрығына сәйкес Түркістан қалалық емханасы мен Санитас емдеу сауықтыру орталығының медициналық қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.
✔️Шара барысында қолданыстағы бұйрықтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, медицина мекемелері тарапынан жұмыс барысында жіберіліп жатқан қателіктерге тоқталды. Өз кезегінде облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары аталған кемшіліктер бойынша ескерту жасап, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірледі.