Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қаламыздағы медицина мекемелерінің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетуді жалғастыруда.
Шарада мекеме қызметкерлерін АИТВ инфекциясы бойынша қолданыстағы бұйрықтармен таныстыра отырып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар жұмыс барысында жіберіліп жатқан қателіктерге тоқталып, оны шешу жолдарын ұсынды.