Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты М.Әбенова және Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді.
▪️Шарада орталықтың эпидемиолог дәрігері Азиза Эртаева адамның иммундық тапшылығы вирусы мен Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу жайлы баяндама жасады.
◽Өз кезегінде дәрігер маман қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жадынамалық парақшалар таратты.