АИТВ-ның берілуі мен сақтану жолдары туралы жеткілікті ақпаратқа қарамастан, өкінішке орай АИТВ індетінің қарқыны басылар емес. АИТВ-ның алдын алу принциптерін ұғыну қиын емес. Бұл вирус адам ағзасының сұйықтығынан тыс өмір сүрмейді, тұрмыстық қарым-қатынаста берілмейді, және әр адамның қорғалуға және өз жақындарына көмек көрсетуге мүмкіндігі бар.
Сонымен, АИТВ – адамның иммун тапшылығының вирусы. АИТВ адамның ағзасына түскен кезде, бізді аурулар мен инфекциядан қорғайтын ағзаның иммундық жүйесін бұзады. Адамның иммун тапшылығының вирусы ретровирустар (Retroviridae) тұқымдасына, лентивирустар (Lentivirus) тұқымдасына жатады. Lentivirus атауы латынның lente – баяу сөзінен шыққан. Бұндай атау вирустың бұл тобының бірден бір ерекшелігін, яғни микроорганизмдегі инфекциялық процестің баяу және біркелкі емес даму жылдамдығын көрсетеді. Лентивирус ұзақ инкубациялық кезеңдегі сипатқа ие.
Вирус ағзаның барлық сұйықтығында және тіндерінде болады. Ағзадағы вирустың шоғырлану деңгейі бойынша бірінші орында: қан, лимфа, ұрық сұйығы, вагинальды секрет. Ағзаның қалған сұйықтығындағы (сілекей, көз жасы, тер, зәр, нәжіс және т.б.) вирус жұқтыруға жеткіліксіз.
Адамның иммун тапшылығының вирусы 1983 жылы ЖИТС этиология зерттеулерінің нәтижесінде ашылды. 1981 жылы жарияланған ЖИТС туралы алғашқы ресми хабарламалар гомосексуал еркектердегі пневмоцисттік пневмония және Капоши саркомасы дамудың ерекше оқиғалары туралы екі мақаласы болған.
1982 жылы шідеде алғаш рет жаңа ауруды белгілеу үшін СПИД термині ұсынылды. Осы жылдың қыркүйегінде оппортунистикалық инфекциялар қатары негізінде диагностикадан өткен гомосексуал еркектерге, есірткі тұтынушыларға, А гемофилиямен ауыратындарға ЖИТС алғаш рет толық қанды ауру ретінде анықталды. 1981-1984 аралығында анальды жыныстық қатынас немесе есірткінің ықпалымен ЖИТС-тың дамуының қауіптілігіне байланысты бірнеше жұмыс жарық көрді.