Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп гимназиясында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мен Саулық жастар денсаулық орталығымен бірлескен семинар өтті. Шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
✅Сонымен қатар АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.