Түркістан облысы Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты “Қ.Сатпаев” және “Қ.Тұрсынқұлов” атындағы мектеп гимназияларында семинар жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға жоғары сынып оқушылары мен педагог мамандар және мектеп мейірбикелері қатысты.
Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Өз кезегінде мамандар аталған инфекцияның пайда болуы мен таралауы бойынша слаидты көрсетілім жасап, бұл салада барлық медициналық тексерулер тегін жүргізілетіні айтылды.