Отырар ауданы білім бөліміне қарасты №20 Дәуренбек Құрманбек атындағы колледж оқытушылары мен “Жамбыл” атындағы мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларына семинар жұмыстары жүргізілді. Орталықтың педагог маманы Марат Кенжегулов жүргізген бұл шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат берілді.
⚜️Сонымен қатар қатысушыларға жадынамалық парақшалар таратылып, олардың қойған сұрақтарына да ашық жауап берілді. Өз кезегінде шараға қатысушылар АИТВ инфекциясы бойынша қалай және қайдан медициналық көмек алуға болатындығы жайлы да ақпаратпен танысты.