АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдау тапсыру арқылы ғана білуге болады, яғни АИТВ-на тестілеу өту арқылы.
АИТВ-ға тестілеу — бұл адамның қанында АИТВ-ға антиденелердің бар болуын зертханалық әдіс арқылы зерттеу. Күрделі талдаулардың көмегімен АИТВ-ң өзі анықталмайды, оған деген жиынтық антиденелер — вирустың кіруінің куәгерлері. Ағзада АИТВ-ға антидене анықтау көлемінде бірден өндірілмейді, вирустың енуінен кейін біраз уақыт өткен соң пайда болады. Антиденелерді табу негізіндегі АИТВ-ға тест, инфекцияның берілуінен кейін 2-3 аптада оң нәтижелі болады, сирек жағдайда ғана бұл кезең 6 айға созылады, орташа 3 ай. Нақты осы кезең уақытында вирустық салмақтың жоғарғы көлемі байқалады, ендеше АИТВ-ң берілуінің жоғары мүмкіндігі бар!
Сондықтан уақытты созбау өте маңызды, өзіңнің АИТВ-статусыңды білу қорқынышын жеңіп шығу.
Бұл үшін тек Сіздің тестілеуден өту шешіміңіз қажет.
Қанның зерттелуі ЖИТС орталығының зертханасында иммун-ферментті талдау әдісімен жүргізіледі (ИФТ). Қанды алу процедурасы ауыртпалықсыз және қауіпсіз.
Қанды алу шынтақ тамырынан арнайы стерилденген вакутейнермен 5мл көлемінде, процедуралық кабинет шартында іске асады.
Қанды таңертең аш қарынға және тамақ ішкеннен кейін тәуліктің кез келген уақытында тапсыруға болады.
Тексерілудің қорытындысы тексерілген адамға жеке тестілеуден кейінгі психоәлеуметтік кеңес барысында хабарланады. Телефон арқылы талдау қорытындылары берілмейді.