2019 жылдың наурыз айынан бастап Түркістан облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығында жұмыс жүргізіп келеді. Бөлім меңгерушісі Орынбаев Жанәлі Шерәліұлы — дәрігер эпидемиолог. Бөлімде 1 дәрігер эпидемиолог, 1 дәрігер статист, 1 эпидемиолог көмекшісі қызмет атқарады. Бөлімнің жалпы қызметі профлактикалық жұмыстарды жүргізудің алдын алу шаралын жоспарлап, олардың уақтылы өткізілуін қадағалау. Сонымен қатар мекеменің жасап жатқан іс шараларының нормативтік құжаттарын бақылауға ала отырып іс жүргізу болып табылады.
Свежие записи
- Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығында облыс көлеміндегі медициналық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізілді.
- «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» қызметкерлері Талғат клиникасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің медициналық қызметкерлері арасында «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» басшысының 12.01.2023 жылғы №17-н/қ санды бұйрығын басшылыққа ала отырып, Түркістан облысында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және емдеу жөніндегі медицина қызметкерлерінің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек беру мақсатында » семинар жұмыстарын жүргізді.
- Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» қызметкерлері Түркістан қаласында орналасқан «LIDER KLASSIK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты жиһаз жинау цехының қызметкерлеріне «АИТВ- инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары » тақырыбында семинар жұмыстарын жүргізді.
- Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында орналасқан «Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы» мекемесінде «АИТВ- инфекциясының алдын алу және одан сақтану жолдары» тақырыбында семинар болып өтті.
- Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында орналасқан «ASIA BREND» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «АИТВ- инфекциясының алдын алу және одан сақтану жолдары » тақырыбында семинар болып өтті.