Түркістан облысы қорғаныс істері департаментінің мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шарада АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологы Ақәділ Срайыл АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
✅Сонымен қатар стигма, дискриминация жайлы кеңінен түсіндіріп, жадынамалық парақшалар таратты.