БҰҰ — ның АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) нөл кемсітушілік күні деп жарияланған 1 наурыз қарсаңында Қазақстан Республикасы АИТВ- инфекциясына байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі Жаһандық серіктестік бағдарламасына қосылды.
Осы орайда Түркістан облысы,Облыстық полиция департаменті және Түркістан қаласының полиция басқармасына»АИТВ- инфекциясын алдын алу және АИТВ -инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау» тақырыбында ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн семинар болып өтті.
Онлайн семинар барысында АИТВ- ның алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы толыққанды ақпараттар беріліп, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдай жайлы , АИТВ-ның алдын алу жолдары туралы, Стигма, дискриминация жайлы толыққанды түсіндірілді . Семинарды дәрігер эпидемиолог Б.Кумашев жүргізді.

От admin