Кентау қаласы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Әл- Фараби атындағы жалпы орта мектебінде «АИТВ- инфекциясын алдын алу және АИТВ -инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау» тақырыбында ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн семинар болып өтті.
БҰҰ — ның АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) нөл кемсітушілік күні деп жарияланған болатын. 1 наурыз қарсаңында Қазақстан Республикасы АИТВ – инфекциясына байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі Жаһандық серіктестік бағдарламасына қосылды.
Семинар осы тақырыпта жүргізілді. Онлайн семинар барысында АИТВ- ның алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы толыққанды ақпараттар беріліп, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдай жайлы , АИТВ-ның алдын алу жолдары туралы, Стигма, дискриминация жайлы толыққанды түсіндірілді . Семинарды педагог маман М.Кенжегулов жүргізді.

От admin