Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы Жетісай бөлімшесінің мамандарының ұйымдастыруымен Шардара ауданы орталық базарында «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» науқаны аясында кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында тұрғындарға АИТВ нің алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы айтыла келіп, жадынамалық түсіндірме парақшалар мен кітапшалар таратылды. Сонымен қатар осы науқан барысында өткізіліп жатқан іс шаралар жайлы айтыла келіп. Аудан тұрғындарын өз мәртебелерін тегін анықтауға шақырды.