Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы Жетісай бөлімшесінің мамандарының ұйымдастыруымен Шардара ауданы орталық тіс емханасында «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» науқаны аясында кезекті кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында емханаға келушілерге АИТВ нің алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы айтыла келіп, жадынамалық түсіндірме парақшалар мен кітапшалар таратылды. Бұл өткізіліп жатқан іс шаралардың нәтижесінде халық арасында АИТВ –нің алдын алу және одан сақтану шаралары дұрыс жолға қойылатындығын айта келіп, барлық тұрғындарды осы науқанға ат салысуға шақырды.

От admin