Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы мамандарының ұйымдастыруымен Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «А.Навой коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» науқаны аясында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған семинар түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл іс – шарада мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушыларына АИТВ нің алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы пікір алмасу жүргізілді. Оларға ақпараттық танымдық парақшалар таратылып, жадынамалық кітапшалар берілді.