Құрметті жерлестер! Сіздерді 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен құттықтаймын!
Мұндай елеулі күн Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады. Елбасы бекіткен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылуда. Елбасының жан — жақты қолдауының арқасында еліміздің денсаулық сақтау саласында инновациялар, озық технологиялар енгізілуде, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қазіргі заман талаптарына сай медициналық орталықтар мен клиникалар пайдалануға берілуде. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілеймін.
Ізгі тілекпен, ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының басшысы Б.Заманханұлы