Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» басшысының 12.01.2023 жылғы №17-н/қ санды бұйрығын басшылыққа ала отырып, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» мамандары Х.Сыздыкова, Қ. Диханбаевтың ұйымдастыруымен «Түркістан облысында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және емдеу» жөніндегі медицина қызметкерлерінің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек беру мақсатында Арыс қаласында орналасқан «Торабтық аурухана» ӨК медициналық қызметкерлеріне семинар жұмыстарын жүргізді. Семинар барысында медицина қызметкерлерінің жұмыс жүргізу барысында басшылыққа алатын бұйрықтары түсіндірілді.

#житсорталығытуркестанТүркістан