Мамыр айының үшінші жексенбісі ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай ЮНЕЙДС ұсынған «Бірге есте сақтаймыз, бірге махаббат пен ынтымақтастық арқылы сауықтырамыз» науқаны аясында облыстық қорғаныс істері департаментіне семинар жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасалып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Өз кезегінде мамандар қатысушыларға өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік бар екендігін және ол құпия жағдайда тегін жүзеге асырылатындығын жеткізді.